КҮШТІ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ

КҮШТІ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ – қарапайым бөлшектердің төрт іргелі өзараәсерлесуінің бірі. Өзараәсерлесудің өзге үшеуі әлсіз, электрмагниттік және гравитациялық әлсіз әсерлесу болып табылады. Күшті өзараәсерлесу электрмагниттік және гравитациялық өзараәсерлесумен салыстырғанда өте қысқа қашықтыққа әсерлесу: оның әсер ету радиусы ~10–13 см (әлсіз әсерлесу- дің күтілетін радиусы 2·10–16 см шамасында болады).

Әдеттегі тұрақты затта онша жоғары емес температура кезінде күшті өзара- әсерлесу ешқандай үрдістер (процестер) туғызбайды, тек ядродағы нуклондар арасында берік байланыс (әрбір нуклон үшін байланыс энергиясы орташа есеппен 8 мэВ шамасында) орнатады. Бірақ жеткілікті жоғары энергиялы күшті өзараәсерлесу ядролардың немесе нуклондардың көптеген ядролық реакция- ларын тудырады. Табиғатта бірігу (термоядролық синтездік) реакциясының мәні зор, осы реакцияның нәтижесінде төрт нуклон гелий ядросында бірігеді. Осы реакция (әлсіз өзараәсерлесу қатысатын кезде) Күнде де өтеді және Жер жағда- йында пайдаланылатын негізгі көз болып табылады. Нуклондардың соқтығысуы бірнеше жүз МэВ энергиядан бастап күшті өзараәсерлесу π-мезондар тудырады, ал одан да артық энергия кезінде ғажап бөлшектердің (К-мезондардың, гиперондардың) мезондық және бариондық резонанстардың тууына әкеп соқтырады. Осы күшті өзараәсерлесуші бөлшектер адрондар деп аталған.

Адрондардың күшті өзараәсерлесулердің арасындағы аяқталған теориясы әзірше жоқ, бірақ та аяқталмаған, жалпы мойындалмаған теория бар, ол адрондардың негізгі қасиеттерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Осы  теория – кванттық хромодинамика, бұл теория бойынша адрондар кварктерден (мезондар кварктерден және антикварктерден, ал бариондар – үш кварктен) құралған, ал кварктер арасындағы күштерге глюондардың алмасуы себеп болған. Байқалған адрондар түгелдей әртүрлі типті “хош иістерден”, u, d, s, c ,b бес типті кварктен құралған.

Күшті, әлсіз және электрмагниттік өзараәсерлесулерді ортақ бір теорияға («Ұлы бірлестік») біріктіруге талпыныс жасалған. Осы сұлбада лептондар және кварктер, аралық векторлық бозондар, фотондар мен глюондар ортақ негізде қарастырылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *