КҮН ТЕРМОЭЛЕКТР ГЕНЕРАТОРЫ

КҮН ТЕРМОЭЛЕКТР ГЕНЕРАТОРЫтермоэлектрлік эффект негізінде күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын генератор. Осы генератордың құрамында термобатарея мен күн сәулесін шоғырландыратын айна (концентратор) болады. Термобатарея тізбектей не параллел қосылған термоэолементтерден құралады. Термоэлементтер ретінде жартылайөткізгіш немесе өткізгіштігі әртүрлі қос металл (қоспа) пластинкалар пайдаланылады.

Қос пластинкалардың түйіскен ұштарына күн сәулесі шоғырландырылғанда, термоэлектрлік эффект негізінде тізбекте термоэлектрлік қозғаушы күш пайда болады. Бұл генератор радиоқабылдағыштардың ток көзі ретінде және ғарыштық ұшу аппараттарында қосымша энергия көзі ретінде т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады.

КҮШ, м е х а н и к а д а – өзге бір дененің  берілген материялық денеге тигізетін механикалық әсерінің өлшеуіші. Осы әсер дене нүктелерінің жылдамдығын өзгертеді немесе денені деформациялайды және де тікелей жанасу (бір-біріне қысылған денелердің қысымы, үйкеліс) кезінде денелер тудыратын өрістер арқылы (тартылыс күшінің өрісі, электрмагниттік өріс) әсер етуі мүмкін. Күш уақыттың әрбір сәтінде кеңістіктегі бағытпен және түсірілген (қадалған) нүктесімен сипатталатын векторлық шама; күштерді қосу күштер параллелограмдары ере- жесі бойынша жүзеге асырылады. Күш бағытталған түзу сызық күштің әсер ету сызығы деп аталған. Егер дене деформацияланбайтын болса, онда күш дененің кез келген нүктесіне түсірілген деп есептеуге болады. Күшті өлшеу статикалық немесе динамикалық әдістермен жүзеге асырылады. Статикалық әдіс өлшенбекші күшті бұрыннан белгілі күшпен теңестіруге негізделген. Динамикалық әдіс динамиканың mϑ=F заңына негізделген. Күштің халықара- лық бірліктер жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – 1 ньютон (1Н) – 1 кг массаға 1 м/сек² үдеу беретін күшке тең. Күштің бірліктердің СГС жүйесіндегі өлшеу бірлігі дина, 1 дина = 10–5 Н және 1 кг күш =9,81 Н.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *