КҮН РАДИАЦИЯСЫ

КҮН РАДИАЦИЯСЫ, Күн сәулесі – Күн тарататын (шығаратын) электрмагниттік сәулелер мен корпускулалық ағындар. Корпускулалық радиация негізінен 300 – 1500 км/сек жылдамдықпен таралатын және түгелдей дерлік Жердің магнитсферасындағы (5 – 100 ион/см³) ұсталып қалатын, бірақ Күн активтілігі артқан кезде көбейетін протондардан құралған. Күннен таралатын электромагниттік радиация (Күннің сәулелік энергиясы) жарық жылдамды- ғымен (300 000 км/сек) таралатын электрмагниттік толқындар түрінде шығарылып, Жер атмосферасында енеді. Жер бетіне тікелей немесе шашыранды радиация түрінде жетеді. Оның ~ 48% спектрдің көрінетін сәуле (0,38–0,76 мкм) бөлігіне, ~ 40%-дан астам бөлігі инфрақызыл сәуле (0,76 мкм), 7%-ы ультракүлгін сәуле

(0,38 мкм) үлесіне тиесілі. Күн радиациясы – Жер бетіндегі атмосферада өтетін сыртқы әсерлер (экзогендік) үрдістері (процестері) үшін жалғыз энергия көзі болып табылады; әдетте жылулық әсерлері бойынша өлшенеді және уақыт бірлігі үшін бет бірлігінің үлесіне тиесілі калория мөлшері арқылы сипатталады. Жер шары Күннен жуық шамамен 1 минутта 2,4·1018  кал сәулелік энергия алады.

Атмосфера қабаты арқылы өткен Күн радиациясы газ молекулаларынан, сұйық және қатты денелердің ұсақ бөлшектерінен шашырайды. Сонымен қатар ауа- дағы (атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы) су буына, азонға, көмірқышқыл газына, шаң – тозаңдар мен оттекке (аздап) жұтылады. Сондықтан тікелей түсетін Күн радиациясы атмосфераның күйіне және Күннің көкжиектен биіктігіне тәуелді болады, Жер шарының теңіз деңгейінде Күннен алатын сәулелік энергиясы 1,6 кал/ см²·мин-тен аспайды. Күн радиациясы күндіз – талтүсте, жыл бойында – жазда және көктемде ең үлкен шамада болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *