КҮН ДИСКІСІНІҢ СОПАҚТАЛЫП КӨРІНУІ

КҮН ДИСКІСІНІҢ СОПАҚТАЛЫП КӨРІНУІ – ертеңгісін Күн көкжиектен көтерілген және кешқұрым Күн батар кезде Күн дискісінің әдеттегі

 

дөңгелек пішінінен ауытқып байқалу құбылысы. Бұл құбылыс Күннің көкжиектен көтеріліп шығуы мен көкжиектен төмен түсіп батар алдында (көкжиекке жақындаған кезде) күн сәулесінің рефракциясы (күн

сәулесінің түзу сызықты таралу бағытынан ауытқуы) әсерінен туатын оптикалық құбылыс. Күн дискісі Жер бетіндегі бақылаушыға 32´ (32 секундтық) бұрышпен байқалады. Күн дискі көкжиекке жанасар алдында күшті рефракцияға ұшырайды, Күн дискінің жоғарғы жиегі көкжиектен 32´ (32 секундтық) бұрыштық биікте болады. [Оның себебі Күн дискісінің бұрыштық диаметрі 32´ секундтық

 

бұрышпен көрінуіне байланысты]. Қалыпты атмосфералық жағдайда  Күн дискісінің көкжиекке тақау астыңғы жиегі Күн сәулесінің рефракциясының салдарынан 35´ (35 секундтық) бұрышқа, ал жоғарғы жиегі тек 28´ (28 секундтық) бұрышқа ғана жоғары көтеріліп байқалады. Рефракция салдарынан Күн дискісінің биіктігі 7´ (7 секундтық) бұрышқа «кемиді». Сондықтан Күн дискісі бақылаушыға (яғни бізге) екі бүйірі шығыңқы сопақ пішінді болып көрінеді (1-сызба). Осыған қоса Күн дискісі жарық сәуленің шашырауынан қызғылт реңді болып байқалады. Егер ауаның тығыздығы биіктеген сайын бірқалыпты болмай кемитін болса, онда Күн дискісі әрқалай бұрмаланып көрінетін болады. (2-сызба).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *