КҮН ДАҚТАРЫ – Күннің атмосферасынан байқалатын күңгірт құрылымдар; оның көлденеңі 200 000 км жетеді. Температурасы фотосфераның температурасынан 1 – 2 мың градусқа төмен. Сол себепті күн дақтары жарық фонда күңгірт болып байқалады. Күн дақтары күн активтілігінің 11 жылдық циклі бойынша өзгереді. Негізгі ерекшелігі – күн дақтарында күшті магниттік өріс [0,3 – 0,5 Тл (тесла)].