КҮН АКТИВТІЛІГІ

 

КҮН АКТИВТІЛІГІ – Күнде оған тән құрылымдарды (күн дағы, жарқырауық түйіршіктер (факелдер) және фотосферада флоккула және хромосферада оталу, тәжде протуберанц) тудыратын физикалық үрдістердің ықпал етуі. Күн активтілігі артқанда корпускулалық, сондай-ақ Күннің қатаң электрмагниттік сәулелері күшейетін болады, бұл Жер атмосферасының магнитсферасы мен ионсферасының күйлеріне ықпал етеді (магниттік дауылдар, поляр шұғыласы, атмосфера газы молекуласының ыдырауы). Күн активтілігінің деңгейі өзгеріп тұрады. Күн активтілігінің 11 жылдық циклі белгілі. Күн активтілігі жер бетіндегі құбылыстар мен үрдістерге едәуір ықпал етеді (поляр шұғыласы, магниттік өрістің ұйытқуы, жер сілкіну, өсімдіктердің өсу жылдамдығының өзгеруі, жәндіктердің көбеюі және «қоныс аударуы», тұмау, оба, сүзек т.б. эпидемиясы). Күн активтілігі – өсімдіктердің фотосинтезінің негізгі шарты болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *