КҮННІҢ ҚЫЗАРУЫ – Күннің көкжиектен жоғары көтеріліп шығу және көкжиектен төмен түсіп батар кезінде қызыл реңді болып байқалу құбылысы. Аспанның көгілдір түсті болуы мен Күн дискісінің қызыл реңді болып байқалуы- ның себептері ортақ. Күн сәулесінің шашырауына байланысты ағылшын физигі Джон Тиндальдің (1820 – 1893) ғылыми тәжірибесінде жарықтың бұлдыр сұйық орта арқылы өтуі кезіндегі шашырау құбылысы болатыны айқындалған. Онда жарықтың шашырауы нәтижесінде сұйық орта арқылы өткен жарық шо- ғының белгілі бір бөлігінде көк рең, сыртқа шыққан бөлігінде қызғылт реңді түстің пайда болатыны белгілі болған. Осы секілді жайт Күннен Жер атмосферасына тікелей түсетін күн сәулесінен де байқалады. Күн сәулесі ауа қабатынан өтуі кезіндегі шашырауы салдарынан негізінен көк және күлгін сәулелер жұтылады, сол себепті күн сәулесінде әлсіз сарғыш реңк түзіледі, Күн көкжиекке жақын- даған сайын бұл рең күшейеді. Күн сәулесі атмосфера қабатында бастапқы кездегіден ұзын жол жүреді. Осы ұзақ жолда қысқа толқынды сәулелер, яғни күл- гін, көк, көгілдір сәулелер едәуір кемиді, сол себепті Күннен (немесе Айдан) тікелей Жерге келетін сәуледе негізінен ұзын толқынды сәулелер – қызыл, қыз- ғылт, сары реңді түстер басым болады. Күннің қызыл түсі және аспанның көк түсі – бір ғана үрдістің (процестің) – шашыраудың екі түрлі салдары болып табылады. Күннен тікелей түсетін сәуле атмосфера қабаты арқылы өткеннен кейін ұзын толқынды сәуле (қызыл Күн) ғана қалады, шашыраған сәуледе қысқа толқынды сәуле (көгілдір аспан) басым болады. Рэлейдің теориясы Күн- нің қызарып көрінуін осылай түсіндіреді.