КЮРИ НҮКТЕСІ

КЮРИ НҮКТЕСІ, Кюри температурасы, (θ немесе Тс) – фазалық ауысу нүктесіне жақындағанда және осы нүктеде сапалы жаңа қасиетке ие болатын заттардың үздіксіз өзгерісімен сипатталатын ІІ текті фазалық ауысу температу- расы. Ферромагнетиктердегі осы ауысуды егжей-тегжейлі зерттеген француз физигі Пьер Кюридің (1859 – 1906) есімімен аталған.

Кюри нүктесінен төменгі (Т) температура кезінде ферромагнетиктер (Тс) температурасында өздігінен магниттелушілікке (ЈS) және белгілі бір магниттіккристалдық симметрияға ие болады. Ферромагнетиктер қыздырылған және Кюри нүктесіне жақындаған кезде атомдардың жылулық қозғалысы күшейеді де бұрынғы магниттік реттілікті – атомдардың магниттік моменттерінің бірдей бағытталуын «әлсіретеді».  Магниттік реттіліктің өзгерісін мөлшерлік сипаттау үшін р е т т і л і к  п а р а м е т р і η енгізілген, бұл үшін ферромагнетиктер жағдайында олардың магниттелушілігін қабылдауға болады. Т→Тс кезде реттілік параметр η→0, ал Кюри нүктесінде ферромагнетиктердің өзіндік магниттелушілігі жойылады (η=0), ферромагнетиктер парамагнетиктерге айналады. Антиферромагнетиктерде Т=Тс кезде (антиферромагнетиктік Кюри нүктесінде немесе Неель нүктесінде) оларға тән атомдық магниттік құрылым  (магниттік кіші торлар) қирайтын болады және антиферромагнетиктер де парамагнетиктерге айналады. Т=Тс кезде атомдардың жылулық қозғалысы сегнетэлектриктерде кристалдық торлардың қарапайым ұяшықтарының электрлік диполдерінің реттілікті бағдарларын нөлге теңестіреді. Кюри нүктесінің маңайында затта Т→Тс кезінде максимумға жететін көптеген физикалық қасиеттері (мысалы, жылу сыйымдылығы, магниттік алғырлығы) арнайы өзгерістерге ұшырайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *