КЮРИ ЗАҢЫ – кейбір парамагнетиктердің меншікті магниттік алғырлығының (ߵ) температуралық тәуелділігі, ߵ = С/Т түрінде өрнектеледі, мұндағы Т – абсолюттік температура, С – кюри константасы. Бұл заңды 1895 жылы француз физигі Пьер Кюри (1859 – 1906) тұжырымдаған. Кюри заңына кейбір газдар (оттек, азот тотығы), сілтілі металдардың буы, сирек кездесетін элементтердің парамагниттік тұздар ерітінділері мен кристалдық күйдегі кейбір парамагниттік тұздар бағынады. Кюри заңының классикалық теориясы біріменбірі әлсіз әсерлесетін магниттік диполдік моменті болатын атомдар, молекулалар не иондар жүйесін статистикалық тұрғыдан қарауға негізделген. Ал төменгі температура мен күшті магнит өрісіндегі заттарға Кюри заңында орын жоқ.