КӨПІР ТІЗБЕК

КӨПІР ТІЗБЕК, э л е к т р л і к к ө п і р – қысқыштарының (полюстерінің) бір жұбына қоректендіру көзі, ал екіншісіне жүктеме қосылған, әдетте төрт полюс түріндегі тұйық электр тізбегі. Классикалық көпір тізбек төртбұрыш түрінде тізбектеп қосылған – төрт иінді көпір деп аталған электрлік кедергілері Ζ1, Ζ2, Ζ3, Ζ4 (көпір тізбектің иіні) бар төрт бөліктен құралған (сызбаға қараңыз). Көпір сұлбасындағы а, b, c және d нүктелері т ө б е л е р деп аталған; қоректендіру көзі (Uқ) бар тармақ қоректендіру диагоналы, ал электрлік кедергілері бар жүктеме (Ζж) жүктеме диагоналы деп аталған. Көпір тізбектің диагоналының әрқайсысы қарама-қарсы жатқан төбелерді бір – бірімен қосады («Көпір тізбек» деп аталуының себебі де осыдан).

Жүктеме тізбегіндегі ток күші ток көзінің электрқозғаушы күшінің (ЭҚК-тің) кез келген мәнінде нөлге тең болады (теңгерілген көпір тізбек). Көпір тізбектің өзге бір түрі –

Көпір тізбек. Төртиінді көпір тізбектің сұлбасы: а, b, c және d – төбелер; Z1, Z2, Z3 және Z4 – иін- дер; Zж – жүктеме; Uқ – қорек- тендіру көзі

қосарланған (6 иінді) көпір болады. Төртиінді көпірдің тепе-теңдік шарты Ζ1/ Ζ2 = Ζ3/Ζ4 орындалатын кезде көпір тізбектегі тұрақты токтың тепе-теңдігі иіндер кедергілерінің біреуін реттеу арқылы жүзеге асырылады. Айнымалы токтың көпір тізбегінде тепе – теңдік шарты комплексті шамаларды байланыстырады; нәтижесінде осы шарт әрқайсысы нақты сандарды – иіндер параметрлерін

(кедергілерді, индуктивтілікті, сыйымдылықты, жиіліктерді) байланыстыратын екі теңдікке ажыратылады. Айнымалы токтың көпір тізбегін теңгеру үшін жалпы жағдайда көпірдің ең болмағанда екі параметрін реттеу қажет болады.

Көпір тізбек электр- және радиотехникада, өлшеуіш техникада, телемеханикада, байланыс техникасында пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *