КӨПІРШІКТІ КАМЕРА

КӨПІРШІКТІ КАМЕРА – әсері бөлшектер траекторияларының маңында аса қызған сұйықтың қайнауына негізделген, жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің іздерін (тректерін) байқауға арналған аспап. Мұны 1952 жылы американ физигі Дональд Глезер (Глейзер) (1926 – 2013) ойлап тапқан. Көпіршікті камерада абсолюттік таза резервуарға құйылған кез келген қоспалардан арылтылған

 

сұйық қайнау температурасынан жоғары нүктеге дейін қыздырылады, ал сұйықты тұрақтандыру үшін сыртқы қысым түсіріледі. Камераға зарядты бөлшектер түскенде, оның жүріп өткен жолындағы зарядталған иондармен газ (бу) көпіршіктері түзіледі. Сұйықты қайнау температурасынан жоғары нүктеге дейін қыздыруға болады, бірақ осы асақызған сұйық тұрақты емес, ол белгілі бір уақыт (τ) өткенде қайнайтын болады.

Зарядталған бөлшек асақызған сұйықтан өткен кезде (Т>Ткөқ), (Төқ – өздігінен қайнау температурасы)

 

Сұйық сутектік көпіршікті камерадағы К-мезондардың протондармен өзараәсер- лесуі нәтижесінде Σ+, К+, π+, π, К° бөл- шектердің тууы, бұлар π+ және π-мезон- дарға ыдырайды.

 

бөлшектердің іздері бойынша қайнау ұйытқысының орталықтарының пайда болуына әкеп соқтырады. Сұйықтың қайнау ұйытқысының орталығы осы ортадан өткен зарядты бөлшектердің бөліп шығарған δ-электрондар жұту есебінен қызған шағын аймақ пайда болады. 0,5 – 3 мсек (микросекундта) аралығында пайда болатын ұйытқылардағы көпіршіктердің өлшемдері 50–300 мкм-ге дейін артады, оларды импульстік жарық көзімен жарықтандырып суретке түсіруге болады. Жұмыстық сұйық ретінде көп жағдайда сұйық сутек, дейтерий, неонның (Ne) сутегімен қоспасы (криогенді камерада), сондай-ақ пропан (С3Н8), фреон және ксенонның (Хе) пропанмен қоспасы (ауыр сұйықты камерада) пайдаланылады.

Көпіршікті камерамен көптеген қарапайым бөлшектер ашылған. Бұл камераның басты кемшілігі «басқарылымсыздығы», яғни жұмыс жасау үрдісі (процесі) кезінде қажетті оқиғаны алу мүмкін болмайды, сирек оқиғаларды зерттеу кезінде көптеген фотосуреттерді сүзіп қарап шығуға мәжбүр етеді. Көпіршікті камера жоғары энергиялы бөлшектердің сұйықтың ядроларымен өзараәсерлесуін немесе әлгі ядролардың ыдырауын тіркеу үшін пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *