КӨПІРШІК – сұйықта, сұйық массада пайда болатын сырты жұқа сұйық қабығымен қоршалып ауа (бу) толтырылған кішкене мөлдір шар тәрізді көбіктерден түзілген дискреттік жүйе. Көпіршік беттік тартылыстың және сұйық ағыны әсерінен жұқарып өздігінен жарылады. Таза сұйықтарда көпіршіктің түзілуі үшін аздаған көпіршік түзгіш заттар (спирт, сабын, белок) қосылады. Өзге дисперстік жүйелер сияқты көпіршіктер де дисперсиялық және конденсациялық үрдістер (процестер) кезінде химиялық реакцияның не асақанық ерітінді қысымының төмендеуінен газдардың (СО2) түзілуі нәтижесінде пайда болады. Физикалық ғылыми тәжірибелер жасау кезінде көрінбейтін қарапайым бөлшектердің іздерін (тректерін) көрнекі көрсету детекторларында қолдау тапқан. Жылу мен дыбысты өткізбеу қасиеті болғандықтан көпіршік құрылыс материалдарын жасауда, өрт сөндіру ісінде, сыра, шампан шарабы өндірісінде қолданылады.