КӨЛЕҢКЕЛІК ЭФФЕКТ – кристалдық тордың түйіндерінен ұшып шыққан бөлшектердің бұрыштық үлестірілімдеріне тән қарқындылықтар минимумдерінің пайда болуы. Көлеңкелік эффект оң зарядталған бөлшектерден: протондар-
дан, дейтрондардан, α-бөлшектерден
1-сызба. Көлеңкенің экранда пайда бо-
және едәуір ауыр иондардан байқалады. луы: l – тізбектегі көрші атомдар ара- Көлеңкелер кристаллграфиялық осьтер сының қашықтығы. бағытында (осьтік көлеңке) және жа- зықтықтарда (жазықтық көлеңке) пайда болады. Көлеңкелер осьтің немесе жазық- тықтың бағытымен қозғалатын бөлшектердің жолында кездесетін атомдардың атом ішілік электр өрісімен ауытқуының себебінен пайда болады (1-сызба).
Көлеңкелік эффект 1964 жылы ядролық реакциялардың өнімдері – бөлшектер ағындарынан кристалл нысананың ядроларын үдетілген бөлшектермен соққылап сәулелендіргенде байқалған [ресейлік физиктер А.Тулинов және швециялық физиктер Б.Домей, К.Бьеркинст бір-біріне тәуелсіз].
Фотографиялық эмульсияны пайдаланған кезде үлкен денелік бұрышты көлеңкелік
суретті (ионограмманы) тіркеуге болады
2-сызба. Кристаллдың ионограммасы
(жазықтық көлеңке, негативтік кескін). (2-сызба). Дақтар мен сызықтардың ор-
наласуы (ионограммадағы) кристалдың құрылымына және тәжірибенің геоме- триялық жағдайына тәуелді.
Көлеңкелік эффект негізінде ядролық реакциялардың өту уақытын 10-16–10-8 сек диапазондарында өлшеу әдісі жасалған. Көлеңкелік эффект кристаллдардың құрылымын зерттеу, қоспалық атомдар мен ақауларды тарату үшін пайдаланылады. Осы эффект кристаллдарды бөлшектер ағындарымен сәулелендіру кезіндегі бағдарланбалық құбылыс тобына жатады.