КӨЗ, ф и з и к а л ы қ – физикалық ұғымдарда неше алуан жүйелерде, орталарда және басқа құбылыстарда энергия, қорек ретінде және басқа құбылыстардың шығу, пайда болу себептерін білдіру үшін пайдаланылатын табиғи немесе жасанды қойнаулардың ортақ отауы.
Жарық көзі – спектрдің көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл аймақтарындағы электрмагниттік энергияны таратушы (шығарушы).
Жарықтың нүктелік көзі – сфералық толқындарды таратушы (шығаратын) жарық көзі.
Жылу көзі – әртүрлі энергия түрлерін жылуға түрлендіретін құрылғы.
Ток көзі – әртүрлі энергия түрлерін электр энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Толқындардың когеренттік көздері – бірдей жиілікті және фазалар айырымы уақыт бойынша тұрақты болып тербелетін толқындар көздері.
Ядролық сәулелер көзі – радиоактивтік ыдырау немесе ядролық реакция жүзеге асырылатын радиоактивтік зат немесе құрылғы.