КУПЕР ЭФФЕКТІСІ

КУПЕР ЭФФЕКТІСІ – металда асқынөткізгіштіктің пайда болуына әкеп соқтыратын өткізгіштік электрондарды жұпқа (куперлік жұпқа) біріктіру. Мұны 1956 жылы американ физигі Леон Купер (1930 ж.т.) алдын ала болжаған. Купер эффектісі осы заманғы асқынөткізгіштік теориясының негізіне жатқан. Металдардың (Т→0 К температура кезінде) Купер эффектісі есепке алынбайтын негізгі күйінде электрондар Ферми беттерімен шектелген импульстер көлемдерінің кеңістігін толтырады. Импульстер металда электрондары теңдей және қарама-қарсы бағытталған импульсті болып таратылады. Купер эффектісі бойынша Ферми беттеріне жақын орналасқан және қарама-қарсы бағытталған импульстері мен спиндері болатын электрондар торлар арқылы өзараәсерлесу- лері себебі бойынша виртуал фонондармен алмасу нәтижесінде пайда болатын және де тартылыстық сипатты жұптарға бірігеді. Куперлік жұптардың спиндері бүтінсанды (нөлдік) болады, яғни бозе-бөлшек (бозондар) болады. Куперлік жұптар жүйесі сондықтан асқынаққыштыққа ие болады, бұл жайт зарядты бөлшектер үшін асқынөткізгіштік ретінде білінеді.

Куперлік жұп электрондарының байланыс энергиясының аз шама болуы металдардың, олардың қоспаларының және қорытпаларының (20 К-ге дейін) төменгі температуралы асқынөткізгіштігінің болуы себебінен пайда болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *