КУЛОН

КУЛОН (Кл, С) – 1) электр мөлшерінің (электр зарядының) Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Француз физигі Шарль Кулонның (1736 – 1806) құрметіне аталған. 1 Кл – ток күші 1 А болатын өткізгіштің көлденең қи- масы арқылы 1 секундта тасымалданатын зарядқа тең. 1 Кл = 3·109 СГСЭ бір- лігі = 0,1 СГСМ бірлігі. 2) Электрлік ығысу ағынының (электр индукциясы ағынының) Халықаралық бірліктер жүйесінің (СИ) бірлігі.

КУЛОНДЫҚ ҚОЗДЫРУ, я д р о л а р д ы – сырттан келіп соқтығысатын зарядты бөлшектермен электрмагниттік өзараәсерлесуі нәтижесінде атом ядроларының қозбаған (негізгі) күйден қозған күйге ауысуы. Ядроларды кулондық қоздыру үдетілген электрондар, протондар, дейтрондар, α-бөлшектер және басқа зарядты бөлшектер соққылаған кезде жүзеге асырылады. Осы қоздырудың  эффектілік қимасын анықтау кезінде қоздырылған ядро шығаратын бөлшектердің серпімсіз шашырау энергиясын не γ-кванттарды немесе конверсиялық электрондарды тіркейді. Ядроларды кулондық қоздыру – қоздырылған тұрақты ядролардың спектрлерін және қасиеттерін зерттеудің маңызды әдістерінің бірі.

КУЛОН ЗАҢЫ – электрстатиканың  екі нүктесіне электр зарядының (өлшем- дері электр зарядтарының арақашықтығымен салыстырғанда кіші болатын) арасындағы өзараәсерлесу күшін анықтайтын заңдарының бірі (нүктелік заряд деп өлшемдері олардың арақашықтығымен салыстырғанда аз болатын зарядталған денелер айтылады). Бұл заңды 1785 жылы француз физигі Шарль Кулон (1736 – 1806) өзі ойлап тапқан иірілмелі таразы арқылы жүзеге асырылған тәжірибесінің негізінде тұжырымдаған. (ХVIII ғасырдың 70-жылдары бұл заңды 1771 жылы ағылшын физигі әрі химигі Генри Кавендиш (1731 – 1810) ашқан, бірақ бұл жайлы ғылыми еңбегі 1879 жылы жарияланған). Аталған заң былай тұжырымдалады:  вакуумдегі нүктелік екі электр зарядының бір-бірімен әсерлесу күші (F) осы зарядтардың (е1, е2) көбейтіндісіне  тура пропорционал, ал олардың арақашықтығының екінші дәрежесіне (квадратына) кері пропорционал болады, яғни

݁ଵ  ڄ݁ଶ  ܨൌ ݇ ݎ

мұндағы k – таңдап алынған өлшеу бірлігіне байланысты анықталатын пропорционалдық коэффициент, бірліктердің абсолют (гаусстық) жүйесінде (бірліктердің СГС жүйесінде k=1; Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ)  k = 1/4 π εо, мұндағы εо – электрлік тұрақты. F күші зарядтарды өзара қосатын сызықтың бойымен бағытталады. Таңбасы әр түрлі зарядтар арасындағы тартылыс күші үшін F > 0.

Егер өзараәсерлесуші зарядтар біртекті диэлектрикте болса, онда өзараәсерлесу ݁ଵ݁ଶ

күші ε рет кемитін болады, яғни ܨൌ݇ ݎߝ , (2) мұндағы ε – диэлектрлік өтімділік, k – пропорционалдық коэффициент. Кулон заңы классикалық электродинамика- ның ғылыми тәжірибелік негіздемесінің жалпылануы болып табылады. Екі магнит полюсінің арасындағы өзараәсерлесу күшін анықтайтын заң да Кулон

݉ଵ݉ଶ

заңы деп аталған: ܨൌ݂ ݎߤ , (3) мұндағы f – пропорционалдық коэффициент (жалпы жағдайда ол k-ға сәйкес келмейді, бірліктердің абсолют жүйесінде f = 1), m1, m2 – магниттік зарядтар, μ – магнит полюстерін қоршаған ортаның магнит-

݉ଵ݉ଶ

тік өтімділігі. Вакуум үшін: ܨൌ݂ ݎ .

Кулон заңына бағынатын өзараәсерлесулер кулондық өзар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *