КРИО

КРИО… (грекше «криос – суық, аяз, мұз») – күрделі сөздің мұзға, төменгі температураға (мысалы, криостат) қатысты екенін білдіретін бөлігі.

КРИОГЕНДІК ТЕМПЕРАТУРА (грекше «крио… – суық, аяз, мұз» + «генез – туатын, туған») – 120 К температурадан төменгі температура (1971 жылы Халықаралық суық институты қабылдаған). 80 – 0,3К алқапта жататын криогендік температура төменгі температура, ал 0,3 К төменгі – асатөменгі температура деп аталған.

КРИОСКОПИЯ (грекше «криос – суық, аяз, мұз» + «скопео – көремін») – заттың молекулалық массасын оның сұйылтылған ерітіндідегі қатаю температурасының таза еріткіштегі қатаю температурасымен салыстырмалы төмендеуі бойынша өлшеуге негізделген анықтау әдісі.

КРИОСТАТ (грекше «криос – суық, аяз, мұз» + «статос – тұрған, қозғалмайтын») – сыртқы суық көзі есебінен төменгі температураны (120 К-нен төмен–криогендік температурада) сақтап тұруға арналған термостат. Суық көзі (суықагент) ретінде төменгі температурада конденсацияланатын (азот, сутек, неон, гелий т.б.) сұйытылған немесе қатайтылған газдар қолданылады. Зертханалық қарапайым әйнекті криостат әдетте екі Дьюар ыдысынан құралған. Ішкі ыдыс сұйық гелиймен, сыртқы ыдыс сұйық азотпен толтырылған болады. Криостат заттардың физикалық қасиеттерін зерттеу, асқынөткізгіштікті т.б. мақсаттар үшін, дербес жағдайда ғарыштық аппараттарда инфрақызыл сәуле аспаптарын салқындату үшін қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *