КРИЗИСТІК ҚҰБЫЛЫСТАР

КРИЗИСТІК ҚҰБЫЛЫСТАР – кризистік нүктелер және ІІ текті фазалық ауысулар нүктелерінің маңайында байқалатын ерекше құбылыстар: сұйық-бу тепетеңдігінің кризистік нүктесінің маңайындағы заттардың сығылғыштығының ар- туы; ферромагнетиктер мен сегнетэлектриктердің Кюри нүктелерінің (Тс) маңайында магниттік алғырлықтың және диэлектрлік өтімділіктің артуы; гелийдің асқынөткізгіштік күйге ауысу нүктесіндегі жылусыйымдылықтың ауытқуы; сұйық қоспалардың кризистік нүктелер маңайында заттардың өзара диффузиясының баяулауы; ультрадыбыстың таралуының ауытқуы; жарықтың шашырауы т.б. Кризистік құбылыстарға фазалық ауысулар нүктелерінің маңайын- да тығыздықтың шоғырлануы және басқа физикалық шамалар мәндерінің кез- дейсоқ ауытқуларының артуы жатады. Осы ауытқудың едәуір, мысалы, кризистік нүктедегі сұйық-бу тепе-теңдігіндегі заттардың тығыздығы бір нүктеден өзге нүктеге дейін өзгереді. Пайда болған біртексіздік заттардың физикалық қасиет- теріне едәуір әсерін тигізеді, мысалы олардың шашырауы мен жұтылуы артады. Сұйық-бу кризистік нүктесінің маңайында тығыздықтың кездейсоқ ауытқуы- ның өлшемдері мың Å-ге (ангстремге) жетеді және жарық толқынының ұзындығына теңеледі. Нәтижесінде зат мүлдем мөлдір болудан қалады, түскен сәуленің көпшілігі шашырап кетеді, зат опал (боз – бұлдыр) түске ие болады – кризистік кенет қарқынды (опалесценция) шашырау байқалады. Тығыздықтың орташа шамадан кездейсоқ ауытқуы (флуктуациясының артуы) дыбыстың дисперсиясына және оның күшті жұтылуына әкеп соқтырады, жылулық тепе – теңдіктің орнауын баяулатады (бұл жайт кризистік нүктеде көп сағатқа созылады), броундық қозғалыстың, тұтқырлықтың ауытқуына, жылуөткізгіштіктің сипатының өзгеруіне әкеп соқтырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *