КОЭРЦИТИМЕТР

КОЭРЦИТИМЕТР – ферромагниттік материалдардың коэрцитивтік күшін

 

өлшеуге арналған аспап. Коэрцитивтік күш үлгідегі магниттік индукциясы (В) немесе оның магниттелушілігі (J) бойынша анықтала алады. Коэрцитивтік күштің магниттелуі бойынша өлшеуге арналған коэрцитиметр көп таралған. Нс өлшенетін кезде сыналатын үлгі ең әуелі электрмагнитте немесе коэрцитиметрдің магниттеуші ора- мында іс жүзінде қаныққанға дейін

 

Өлшеуіш генераторлы коэрцитиметр (блоксұлбасы): 1 – магниттейтін катушка; 2 – үлгі; 3 – генератордың өлшеуіш катушкасы; 4 – магнитэлектрлік гальваниметр; 5 – коллектор; 6 – электрқозғалтқышының білігі; 7 – электрлік қозғалтқыш; 8 – үлгінің магнит өрісінің күш сызықтары

 

магниттеледі. Содан соң әлгі үлгі орнатылған орам арқылы тұрақты ток өткізіледі, осы токтың магнит өрісі үлгіні магнитсіздендіреді. Ток үлгінің магниттелушілігі (J) нөлге дейін кемігенше ток күші арттырылады, бұл жайт индикатор (нөлдік аспап) арқылы тіркеледі. Коэрцитиметр орамындағы үлгінің магниттелушілігі J = 0 мәніне сәйкес болатын ток күші бойынша магнитсіздендіру өрісінің кернеулігі, яғни Нс анықталады. Коэрцитиметрлер негізінен үлгінің магниттелушілігінің нөлге теңеу тәсілі бойынша бірінен-бірі ажыратылған.  Сызбада нөл индикатор ретіндегі өлшеуіш генераторлы коэрцитиметрдің құрылысы бейнеленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *