КОЭРЦИТИВТІК КҮШ

КОЭРЦИТИВТІК КҮШ (латынша «коэрцитио – ұстап тұру»), коэрцитивтік өріс – ферромагниттік материалдардың (ФМ) олардағы магниттелу (қайта магниттелу) үрдісінің (процесінің) қандай дәрежеде қиындылығын көрсететін сипаттамасы. Магниттелушіліктің (М) магнит өрісі (±Нm шегінде циклді өзгеретін) кернеулігіне тәуелділігін графиктік бейнелеу кезінде гистерезис тұзағы пайда болады. Магнит өрісі ±Нm -нен нөлге дейін төмендеген соң ФМ-да магниттік қалдық ±Мr  сақталады.  Магниттелушілік таңбасы бойынша қарама-қарсы алдыңғы магниттеуші Нс өрісті түсіргеннен соң нөлге тең болады. Нс шама берілген гистерезистік циклдің коэрцитивтік күші болып табылады. Егер Нm  жеткіліксіз аз шама болса, гистерезистің ішінара циклі пайда болады. Коэрцитивтік күштің мәні осы жағдайда Нm шамасына тәуелді болады. Нс -тің ең үлкен мәні гистерезистің сәйкес шектік тұзағына берілген материалдың коэрцитивтік күші болып табылады. Коэрцитивтік күш – алдын ала қаныққанша магниттелген ферромагниттік үлгіні магнитсіздейтін магниттік өрістің кернеулігі (Нс). Бұл күш үлгінің магниттелушілігі (J) немесе магниттік индукциясы (В) сәйкес түрде нөлге айналатын коэрцитивтік күштерге ажыратылады.

Коэрцитивтік күш коэрцитиметрмен өлшенеді. Ферромагниттердің коэрцитивтік күшінің шамасы кең алқапта өзгереді; 10³ – 104 Э (эрстед) аралығында 8·10–2 – 8·105 А/м). Коэрцитивтік күштің шамасы бойынша магниттік материалдар магниттік – жұмсақ материалдарға (Нс аз) және магниттік-қатаң материалдарға (Нс көп) ажыратылған. Коэрцитивтік күштің мәні үлгінің қайтадан магниттелуіне кедергі жасайтын факторлармен анықталады. Үлгілерде қоспалардың және кристалдық торлардың өзгедей ақаулардың болуы магниттік домендердің шекараларының қозғалысын қиындатады, соның нәтижесінде Нс-ті арттырады. Берілген магниттік материал үшін коэрцитивтік күш көп жағдайда үлгінің жасалу және оның өңделу, сондай-ақ сыртқы шарттарға, мысалы, температураға тәуелді болады.

КОЭРЦИТИВТІК ӨРІС, с е г н е т э л е к т р и к т е р д е г і – сегнетэлектриктердің полярлануын нөлге дейін азайту үшін оған полярлық фазада түсірілуге қажет электр өрісінің кернеулігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *