КОТТОН ЭФФЕКТІСІ

КОТТОН ЭФФЕКТІСІ, дөңгелек дихроизм (екітүстілік) – оң жақ және сол жақ дөңгелектері бойнша полярланған жарықтың (оптикалық сәуленің) кейбір оптикалық активті заттарда бірдей болмай, әрқилы жұтылуы. 1911 жылы фран- цуз физигі Эме Коттон (1869 – 1951) ашқан. Заттың активті қабатының қалың- дығы жеткілікті болса, онда полярланып шыққан жарықтың бір бөлігі Коттон эффектісі кезінде затқа  толықтай жұтылады да сәуленің қарама-қарсы поляр- ланған едәуір бөлігі қабаттан өтіп кетеді. Сондықтан дөңгелек дихроизмге ие заттың осыған ұқсас қабаты поляризатор бола алады. Жалпы жағдайда Коттон эффектісі кезінде сызықтық полярланған жарық эллипстік полярлануға айнала- ды. Бұл эффект негізінен өзінің затты меншікті (резонанстық) жұту жолағына таяу пайда болады. Оптикалық активті заттардың құрылымдары мен қасиет- терін зерттеу үшін пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *