Қарасай – Қарағанды облысында «Қарасай» аталатын екі өзен бар. Біреуі Шет ауданының жерінде, басын Ақкемер тауынан алып, Мұқыр өзеніне барып құяды. Ұзындығы – 79 км. Екіншісі – Жаңаарқа ауданының жерінен ағатын өзен. Ол Сарысу алабындағы Желдітау сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Көктас өзеніне құяды. Ұзындығы – 73 км.
«Қарасай» – қазақтың тайпалық бірлестігіндегі белгілі ру аты. Бұл сөз Қазақстан жеріндегі біраз өзендерге қойылған. Бұл өзен атаулары қара және сай сөздерінен жасалған, қара сай, қара жыра («черный овраг») деген мағына береді.
Ұлы Жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан шыққан Қарасай батыр Алтынайұлы – тарихта белгілі тұлға. Ол Жетісуда Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаматтық соғыста қол бастаған батыр. 1664-1727 жылдары өмір сүрген. Өзенге халық өзінің ардақтаған батырының атын беруі де ықтимал.