Шет – Қарағанды облысындағы жер, аудан орталығы аты. Алтай тілінде чет – молодой хвойный лес (особенно лиственный). Тува тілінде шет – молодая лиственница. Біздіңше атау осы ағаш атынан қойылған болуы керек, өйткені бұл өлкеде мұндай ағаш сирек кездесетін болғандықтан, соның барлығын білдіру үшін аталған деуге болады. Ұйғыр тіліндегі четин (рябина) сөзі де осы сөзбен түбірлес болуы ықтимал. Ә.Қайдаров зерттеуі бойынша шетен сөзінің түбірі – шет.