Осакаровка – Осакаров ауданының орталығы, темір жол стансасы. Атаудың екі нұсқасы бар: 1) «Аса қарлы мекенжай» деген қазақша сөйлемшеден шыққан сөз. 2) Наурызек руынан Асқар деген кісі осы мекеннің иесі болған дейді. Оның қыстағы кейін осы жерге салынған Ералы ауылының жерінде орналасқан. 90-шы жылдары столыпин реформасы кезінде, бұл өлкеге орыс қоныс аударушылар келіп, өздерінің селенияларын құрған. Олар қазақша сөйлеу білмегендіктен, қазақша атауларды өздерінің транскрипциясына өзгертіп айтқан. Сөйтіп, «Аса қарлы» және «Асқар» елді мекені «Осакаровка» болып аталып кеткен.