Ономастикадағы синхрония мен диахрония
Дәрістің мақсаты: Ономастикадағы синхрония мен диахрония жайында білім жүйесін қалыптастыру.
Дәрістің қысқаша мазмұны. Тіл — адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың генеологиялық, тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Сондықтан бүгінгі қазақ тілі — бүгінгі Қазақстан мемлекетінің жай-күйінің бейнесі десек, артық айтқандық болмас. Еліміз егемендігін алғаннан кейін-ақ қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Алайда, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, қоғамдық-әлеуметтік қызмет атқару жолында көптеген іргелі мәселелерді шешу қажеттігі туындады. Осындай мәселелердің бір шеті — ономастика мәселелеріне келіп тірелгенін білеміз. Жалқы есімдердің қоғам өміріндегі маңызы өте зор. Ұлттық ономастика ұлттың тарихи, рухани, мәдени өмірімен тығыз байланыста. Тарихқа жүгінетін болсақ, жаулаушы мемлекеттер жаулап алған өлкенің жалқы есімдерін өз тілдеріне алмастыруды өздерінің отаршыл саясаттарының бірден-бір құралы ретінде қолданған. Мәселен, арабтардың VІІІ ғасырдағы түркі әлеміне шабуылын алайық, олар жергілікті халықтың ғасырлар бойы дамыған өркениетін құртып, өткен тарихынан, дәстүрінен айыру мақсатында жергілікті халықтың жер-су, халық, көше тіпті, адам аттарының бәрін де түгелге жуық жыл өткен сайын саналы, жоспарлы түрде өзгертіп отырған.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) ) Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер.- Алматы, 1965 -142 бет.
2) Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу мәселелері.– Астана, 2005.- 240 бет.
3) Мадиева Г. Теория и практика ономастики. – Алматы, 2003.- 152 стр.
4) Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Астана, 2006.- 400 бет.
5) Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Астана: Ақжол-баспа, 2004.- 224 бет.