Нияз – тау. Осакаров ауданының солтүстік-шығысында аралары бірнеше жерден үзілген тау, ұзындығы 50 км, ені 15 км болып солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле созылып жатыр. Бұрынғы Шідерті тауының кейінгі тұста қойылған атауы болыу ықтимал.
Қаз. этноним бойынша қойылған атау, бірақ иран тілі негізіндегі сөз. Нияздың баурайынан Есіл өзені, Шідерті өзенінің салалары бастау алады.