Нарынбайсай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен аты. А.Әбдірахмановтың топшылауынша нарын сөзі монғолдың наран – «күнді, күнгей» деген сөзінен жасалған. Нарын түріне айналуын оның нарын құмы деген тіркестегі, құм сөзіндегі ұ дыбысының әсерінен деп түсіндіреді. Ал Г.К.Қонқашпаев нарын сөзі монғолдың нарин – «жіңішке» деген сөзінен алынған деп есептейді.