КОРИОЛИС ҮДЕУІ

КОРИОЛИС ҮДЕУІ, бұру үдеуі – нүктенің тасымалды қозғалыс, яғни санақ жүйесінің жылжымалы қозғалысы кезінде пайда болатын толық үдеудің бір құраушысы. Бұл үдеу нүктенің салыстырмалы қозғалысы кезіндегі тасымалды қозғалыс пен тасымалды жылдамдық кезіндегі нүктенің салыстырмалы жылдамдығының (υсал) өзгеруі салдарынан пайда болады. Кориолис үдеуі – жылжымайтын санақ жүйесіне қатысты емес, нүктенің негізгі үдеуіне қатысты бөліктің бір бөлігі болып табылады. Мысалы, нүкте Жер бетіндегі қозғалыс кезінде оның (Жердің) айналысы салдарынан Жерге қатысты емес, жұлдыздарға қатысты кориолис үдеуіне ие болады. Кориолис үдеуі ілгерілемелі тасымалды қозғалыс кезінде (бұрылу бұрышының жылдамдығы және осы жылдамдық пен нүктенің салыстырмалы жылдамдығының арасындағы бұрыш нөлге тең болғанда) нөлге тең болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *