КОНФУЗОР

КОНФУЗОР (латынша «конфундо – ендіремін, араластырамын») – ағында ағын арнаның (құбырдың) жіңішкере келе қайтадан кеңейетін, көлденең қимасы дөңгелек немесе тіктөртбұрышты пішінді болатын бөлігі. Осы бөлікте сұйық немесе газ ағыны дыбыстық жылдамдыққа дейінгі шапшаңдықпен еніп, потенциалдық энергиясын кинетикалық энергияға түрлендіріп бастапқы жылдамдығын арттырады. Конфузор дыбыстан асқынжылдамдық шығару үшін Лаваль соплосының алдына орналастырылады. Конфузор дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдық соплосы ретінде пайдаланылады. Конфузордағы ағын диффузордағы ағынға кері сипатты болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *