КОНОСКОПИЯ

КОНОСКОПИЯ (грекше «konos – конус» және «скопео – қараймын») – кристалдардың оптикалық қасиеттерін полярландырған микроскоп объективінің жоғарғы фокустық жазықтығында байқалатын интерференциялық пішіндер. Пішіннің әрбір нүктесі кристалдан өткен жарықтың белгілі бір бағытына сәйкес болады. Коноскопиялық пішіндегі интерференциялық бояудың иілген жолақ фонында бір немесе екі күңгірт жолақ (изогирлер) көрінеді. Осы пішіндер бойынша кристалдардың осьтерін, оптикалық осьтер аралығындағы бұрыштың шамасын анықтауға болады. Екі осьті кристалдағы ко- КОНСЕРВАТИВТІК ЖҮЙЕ (латынша «консерво носкопиялық пішін

– сақтаймын») – механикалық энергияның сақталу заңы орындалатын, яғни жүйенің кинетикалық энергиясы (Т) мен потенциалдық энергиясының (П) қосындысы тұрақты: (Т+П = const) болатын механикалық жүйе. Сақталудың өзге заңдарының, мысалы, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңының орындалмауы мүмкін. Консервативтік жүйеге – Күн жүйесі мысал бола алады. Жер жағдайында механикалық энергияның бір түрден екінші түрге ауысуы ( мысалы, жылуға ауысуы ) оның кемуін тудырады. Консервативтік жүйе тек жуық шамамен ғана жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *