КОНВЕРСИЯ, Гамма сәуленің ішкі конверсиясы – қозған атом ядросы- ның электрмагниттік ауысуы кезінде аз энергиялы күйге ауысуынан босап шық- қан энергияны тікелей әлгі атомның электрондарының біріне беру құбылысы. Осы құбылыс кезінде конверсиялық электрон деп аталған электрон шығады (таралады). Электрондар атомның әртүрлі қабықшаларынан (К-, L-, М- және т.б.) ұшырылып шығарылады. Электронның энергиясы конверсияланған ядроның ауысу энергиясы мен қабықшалар электрондарының байланыс энергиясының (энергияның аздаған үлесі – жүздік немесе мыңдық %-дық үлесі – «тебілу» эффектісі салдарынан соңғы атомға беріледі) айырымына тең болады.
Конверсиялық электрондардың энергетикалық спектрлерін өлшеу ядролық ауысулар энергиясын және олардың мультиполділігін анықтауға мүмкіндік жасайды.
КОНВЕРСИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДАР – ядроның артық энергиясының осы атомның электрондарының біреуіне берілуі жүзеге асатын электрмагниттік ауысу нәтижесінде аз энергиялы қозған күйдегі атом ядросының шығаратын электрондары.