КОНВЕКЦИЯЛЫҚ ТОК

КОНВЕКЦИЯЛЫҚ ТОК – зарядталған макроскопиялық дененің орын ауыстыруымен жүзеге асырылатын электр зарядтарының тасымалдануы. Электрондық теория бойынша зарядтардың кез келген ауысуы ең ақырында зарядталған микробөлшектердің конвекциясының (орын ауыстыруымен) есебінен пайда болады. Конвекциялық токтың магниттік қасиеттері мен өткізгіштік токтың (электрондардың, иондардың реттелген қозғалыстары ) тепе-теңдігі осы жайт- пен толықтай түсіндіріледі. Мұны 1879 жылы американ физигі Генри Роуланд (1848 – 1901 ) және 1903 жылы кеңес физигі Александр Эйхенвальд (1864 – 1944) – ғылыми тәжірибе жүзінде айғақтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *