КОНВЕКЦИЯ

КОНВЕКЦИЯ (латынша «конвектио – әкелу, жеткізу») – қатты заттардағы, газдардағы немесе сусымалы орталардағы жылуды заттар ағынымен тасымалдау. Ауырлық күш өрісінде табиғи (еркін) конвекция аққыш немесе сусымалы заттардың біркелкі болмай қызуы (төменнен қызатын) кезінде пайда болады. Қызған дене архимедтік күш әсерінен салыстырмалы түрде аз қызған дене ауырлық күшке қарама-қарсы бағытқа қарай қозғалады. Конвекция заттардың температураларын теңестіреді. Затқа жылу тұрақты түрде тасымалданатын кезде тұрақты конвекциялық ағын пайда болады.

Конвекцияның қарқындылығы қабаттар аралығындағы температуралар айырымына, жылуөткізгіштікке және ортаның тұтқырлағына тәуелді болады. Иондалған газдың (мысалы, Күн плазмасының) конвекциясына магнит өрісі, газдың иондалу дәрежесі едәуір әсер етеді. Еріксіз конвекция кезінде заттар негізінен сорғылар, араластырғыштар т.б. құрылғылар арқылы араластырылады. Конвекция табиғатта: Жер атмосферасының төменгі қабатында, мұхиттарда, жер қойна- уында, жұлдыздарда кең таралған құбылыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *