КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ

 

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ (грекше «томос – сындыру, қабат» + «графо – жазамын») – нысанның (мысалы, адам ағзаларының, өндірістік бұйымдардың) санауыш әдістер арқылы қабат-қабат кескіндерін (томограммаларын) шығаруға және осы қабаттарды сүзіп өткен сәулелерден алынған мәліметтер бойынша кез келген «жергілікті» (локальді) аймақтарындағы заттардың физикалық сипаттамаларын өлшеу тәсілдерімен әлгі нысанның ішкі құрылымдарын зерттеуге арналған құрылғы. Компьютерлік томографтағы сүзіп өтуші сәуле (электрмагниттік, ультрадыбыстық, зарядталған бөлшектер токтары т.б.) зерттеуші нысан заттарымен өзараәсерлеседі, өзараәсерлесу шамалары өлшенеді әрі цифрлық түрде бейнеленеді. Әдетте сүзіп өту көптеген рет әрқилы қилысатын бағыттар бойынша жүзеге асырылады, бұлардың қайталану саны 104 – 106 (10 000 – 100 000)-ға дейін жетеді, жазықтағы қабаттың қалыңдығы 1 – 10 мм аралығында болады. Өлшеулер нәтижелері электрондық есептеуіш машиналар (яғни компьютерлер) арқылы әлгі қабаттардың кескіндері қайтадан қалпына келтіріліп, нысанның сүзіп өтуші сәуленің параметрлерін (қарқындылығын, таралу жылдамдығын т.б.) өзгеріске ұшыратқан физикалық сипаттамаларының таралуы дисплей арқылы кескін сигналына түрлендіріледі. Сүзіп өтуші сәуле түріне тәуелді түрде рентгендік, гамма-, протондық, ультрадыбыстық компьютерлік томографтарға ажыратылады. Сонымен қатар ядролық магниттік резонанстар негізінде жасалған томографтар

да бар.

Компьютерлік томографтың құрамында:

1-сызба. Компьютерлік томографтың жұмысының сұлбасы: 1 – айналатын рентгендік түтік; 2 – қозғалмайтын сцинтилляциялық детекторлар

сүзіп өтуші сәуле көзі; сканирлеуші

(нысанның кескінін көрсететін) құрылғы; сәуленің нысандық заттармен өзара әсерлесуінің нәтижелерін детектирлеуге әрі өлшеуге арналған құрылғы; сканирлеу және өлшеу үрдістерін (процестерін) басқаратын, өте көп мәліметтерді (бір қабатта бірнеше Мбайт мәліметті) жинау және цифрлы өңдеуге арналған электрондық есептеуіш машина (компьютер); дисплей (телевизялық мониторлы); тағы басқы қосалқы құрылғылар болады.

Алғашқы компью- терлік томографтар ХХ ғасырдың 70- жылдарында жа- салған. Қазіргі кезде кейбір элементтер (мысалы сутегінің) атомдар ядроларының радиотолқындарды

резонансты түрде

2-сызба.     Рентгендік                 компьютерлік                 томографтың                        құры-

лымдық сұлбасы              қайта шығаруы қол- данылатын магниттік компьютерлік томографтар қолданылуда. Бұлар сапасы жоғары кескіндер шығарады және бір мезгілде нысанның бірнеше сипаттамаларын көрсете алады; ең бастысы олар тірі организмге қауіпсіз. Компьютерлік томограф өндірістік интроскопияда кеңінен қолдау тапқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *