КОАГУЛЯЦИЯ (латынша – ұю, қоюлану) – коллоидтық жүйелердегі дисперсиялық фаза бөлшектерінің жабысуы.
КОЛЛЕКТОР (латынша – жинағыш), ф и з и к а д а – 1) электрвакуумдық аспаптардың электрондық немесе иондық шоқтары әкелген зарядтарды жинақтауға арналған электроды. 2) Электр машинаның жиілікті механикалық тәсілмен түрлендіретін, якорімен (роторымен) біріктіріліп жасалған бөлігі. Коллектор арқылы электр тізбегінің сырғымалы жанаспасы мен якордің айналмалы орамдары арасында жанасу жүзеге асырылған. Қозғалмайтын тізбек якордің орамымен байланысқан сырғанамалы өткізгіш пластинамен аяқталады.