КИЛО

КИЛО… (французша «кило», грекше «килио – мың») – сөздің алғашқы бөлігіне бастапқы еселік бірлік атауын құру үшін пайдаланылатын бастапқы бірліктен 1000 есе артық физикалық шама, к, k таңбаларымен белгіленген.

КИЛОВАТТ (кВт, кW) – ваттқа еселік бірлік. 1 кВт = 1000 Вт = 1010 эрг/сек = 101,97 кгкүш·м/сек = 1,36 а.к. (ат күші) = 859,84 ккал/сағ.

КИЛОВАТТ-САҒАТ (кВт·сағ, кW·һ) – электртехникада қолданылатын энергияның немесе жұмыстың жүйеден тыс бірлігі. 1 кВт·сағ = 3,6·106 Дж.

КИЛОГРАММ (кг, kg) – массаның Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) негізгі бірлігі. Килограмм – Өлшеуіштер мен салмақ жөніндегі халықаралық бюрода (Париж маңында) сақтаулы халықаралық түпкітиптің (прототиптің) массасына тең. Килограмның түпкітипі платина-иридий қорытпаларынан (90% Рt, 10% Іr) цилиндр пішінді гир (диаметрі және биіктігі 39 мм) түрінде жасалған. Түпкітиптік эталонмен салыстырғанда жіберілетін салыстырмалық қателік 2∙10–9 шамасынан артпайды. Килограмның үлестік бірлігі г р а м м, ол 0,001 кг-ға тең.

КИЛОГРАММ КУБ МЕТРГЕ (кг/м3, kg/m3) – зат тығыздығының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі; 1 кг/м3 – біртекті заттардың 1 м3 көлемінде 1 кг масса болатын тығыздық. 1 кг/м3 = 10–3 г/см3.

КИЛОГРАММ КҮШ (кгкүш немесе кГ, kG) – бірліктердің МКГСС жүйесіндегі күш бірлігі. 1 кгкүш = 9,80665 ньютон (Н). Еуропалық елдерде килограммкүш к и л о п о н д (kр) деп аталған.

КИЛОГРАММ-КҮШ-МЕТР (кгкүш∙м немесе кГ∙м, kg∙m немесе КG∙m) – (кейде килограммметр деп жаңсақ аталады) энергия мен жұмыстың МКГСС бірліктер жүйесіндегі бірлігі. Килограмм-күш-метр – 1 кг күштің әсерінен оның бағыты бойынша 1 м қашықтықта орын ауыстырылғанда істелетін жұмысқа тең. 1 кг∙күш∙м = 9,80655 Дж.

КИЛОГРАММ-МЕТР – килограмм-метр секундына атауының қысқаша аталуы.

КИЛОГРАММ-МЕТР СЕКУНДЫНА… (кг∙м/сек, kg∙m/s) – импульстің (қозғалыс мөлшерінің) Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігі; 1 кг∙м/сек – массасы 1 кг дененің 1 м/сек жылдамдықпен ілгерілемелі қозғалатын кездегі импульсіне тең.

КИЛОПАРСЕК [кило… + пар(аллакс) + сек(унд) атауларынан қысқартылған атау] – қашықтықтың астрономиядағы өлшеу бірлігі. Ол парсектің еселік бірлігі ретінде пайдаланылады. 1 килопарсек = 103 парсек = 1000 парсек. 1 парсек – параллаксы 1´ (бір минутқа) тең қашықтыққа тең. Халықаралық бірліктер жүйесінде пк болып белгіленген. 1 пк = 206 265 астрономиялық бірлік (а.б.) = 3,263 жарық жылы = 3,086 ∙1016 м.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *