КЕҢІСТІК

КЕҢІСТІК – физиканың нысандардың ұзындықтары мен өзара орналасу қасиеттері сипатталатын негізгі ұғымы. Философиялық тұрғыдан алғанда ке- ңістік – материяның «өмір сүруінің» екі формасының бірі, екіншісі  – у а қ ы т. Әрбір құбылыс кеңістікте уақыттан тыс немесе белгілі бір уақытта кеңістіктен тыс бола алмайды.

Заттар кеңістігі – оптикалық жүйелер арқылы пайда болатын заттар кескіні нүктелерінің жиынтығы.

Изотоптық кеңістік – изотоптық спиннің мүмкін болатын мәндерінің жиынтығы.

Импульстік кеңістік – фазалық кеңістіктің кіші кеңістігі болып табылатын жалпыланған импульстердің көпөлшемді кеңістігі.

Катодтық күңгірт кеңістік – төменгі қысымды газда солғын разряд кезінде катодтың маңайында пайда болатын күңгірт кеңістік.

Көпөлшемді кеңістік – фазалық жүйе күйін анықтайтын айнымалы шамалардың мәндері қамтылған аймақтың геометриялық бейнесі; әрбір нүктесіне кез келген күй сәйкес болатын айнымалылардың мәндері көпөлшемді кеңістіктің координаттарының нүктелері болып табылатын кеңістік.

Фазалар кеңістігі – механикалық жүйенің жалпыланған координаттары мен жалпыланған импульстерінің көпөлшемді кеңістігі.

Фарадейлік кеңістік – төменгі қысымды газда солғын разряд кезіндегі жарқылдан соң пайда болатын күңгірт кеңістік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *