КЕРНЕУ, м е х а н и к а л ы қ – сыртқы ықпалдардың (жүктемелердің, температура өзгерісінің, т.б.) әсерінен, денеде (машиналарда және құрылыстық бөлшектерде) пайда болатын ішкі күштердің өлшеуіші. Дененің кез келген нүктесіндегі механикалық кернеуді зерттеу үшін, ойша осы денеде қима жасалады да оның бір бөлігінде зерттеу жүргізіліп, екінші бөлігі қажетсіз болғандықтан ол ескерусіз қалдырылады. Егер қимадағы кіші бөліктің dS ауданына А нүк- тенің айналасында dF ішкі күші әсер ететін болса, онда dF/dS қатынасы механикалық кернеудің векторы деп аталады. Қимаға перпендикуляр кернеу (σ) және қимаға жанама кернеу (τ) сәйкесінше н о р м а л және ж а н а м а кернеу деп аталған. Дененің А нүктесіндегі кернеулік күй механикалық кернеулердің бүкіл жинақтарымен сипатталады. Механикалық кернеудің Халықаралық бірлік- тер жүйесінде бірлігі – паскаль (Па). 1 Па – 1 м2 ауданға 1 ньютон (Н) күш түсі- ретін қысымға тең.
Жанама кернеу – дене бетіне жанама күштердің ықпалымен пайда болатын механикалық кернеу.
Механикалық кернеу – дененің ішінде немесе бетінде таңдап алынған күш шамасының аудан шамасына қатынасымен анықталатын, деформацияланған денеде пайда болатын ішкі күштердің өлшемі.
Нормал кернеу – дене бетіне нормал күштердің ықпалынан пайда болатын механикалық кернеу.
Жанаспалық кернеулер – деформацияланушы денелер жанасатын аудандарында пайда болатын механикалық кернеулер.
Температуралық кернеулер – денені қоршаған бөліктер немесе өзге заттар тарапынан дененің әрбір бөлігіндегі температуралар айырмашылығының салдарынан пайда болатын және жылулық ұлғаю мүмкіндіктерін шектейтін механикалық кернеулер.