
КЕРНЕУ, э л е к т р л і к, электр тізбегінің екі нүктесінің немесе электр өрістерінің арасындағы кернеу – электр өрісінің бірлік оң зарядын бір нүкте- ден екінші нүктеге орын ауыстырылуы кезінде істелетін жұмысына тең. Бұл жұмыс потенциалдық электр өрісінде (электрстатистикалық өрісте) электр за- ряды қозғалатын жолға тәуелді емес. Осы жағдайда екі нүкте арасындағы кернеу әлгі нүктелер арасындағы потенциалдар айырымымен сәйкес болады.
Егер өріс потенциалдық емес болса, онда кернеу зарядтың нүктелер арасындағы орын ауыстыратын жолына тәуелді болады. Потенциалдық емес күштер бөгде күштер деп аталған, бұл күштер тұрақты ток көздерінің ішінде әсер етеді. Ток көзі қысқыштарының кернеуі, бірлік оң зарядтың ток көзінен тысқары жолмен орын ауыстыруы кезінде істелген жұмыспен өлшенеді; осы жағдайда кернеу ток көзі қысқыштарының потенциалдар айырымына тең және Ом заңы бойынша анықталады. U = ࣟ – IRi = IR, мұндағы I – ток күші, Ri – ток кө- зінің ішкі кедергісі; R – сыртқы тізбектің кедергісі, ал ࣟ – ток көзінің электрқозғаушысы күші (ЭҚК). Электр тізбегі ажыратылған (I = 0) кезде кернеу ток көзінің электр қозғаушы күшіне тең болады. Сондықтан тізбектің ажыратылған кезіндегі ток көзінің электр қозғаушы күші оның қысқыштарының кернеуі ре- тінде анықталады.
Айнымалы ток жағдайында кернеу әдетте әсер етуші (эффектілік) – бір периодтағы орташа квадраттық мәнімен анықталады. Айнымалы ток көзінің не- месе индуктивтік катушканың қысқыштарындағы кернеу – электр өрісінің бірлік оң зарядын ток көзінен немесе катушкадан тысқары жолмен жылжытқанда істелетін жұмысымен анықталады. Құйынды (потенциалдық емес) электр өрісі іс жүзінде осы жол бойында кездеспейтіндіктен, кернеу потенциалдар айыры- мына тең. Кернеу вольтметрмен өлшенеді. Кернеудің Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі вольт (В). 1 В = 1 Дж/1 Кл.
Анодтық кернеу – электрондық шамның аноды мен катоды аралығына түсірілген электр кернеуі.
Жағу кернеуі – дербес емес газ разрядының дербес разрядқа ауысатын ке- зіндегі электр кернеуі.
Тесу кернеуі – диэлектриктің қабаты арқылы өткен электр разряды кезінде туатын электр кернеуі.
Торлы кернеу – электрондық шамның торы мен катодының арасына тү- сірілген электр кернеуі.
Шамның жабылу кернеуі – анодтық токтың толықтай тоқталатын ке- зіндегі тор кернеуі.
Электр кернеуі (электр өрісінің немесе электр тізбегінің екі нүктесінің арасындағы) – электр зарядының бір нүктеден екінші нүктеге, зарядты орын ауыстырғыш шамаға қарай, орын ауыстырту кезінде электр зарядына жұмыс істететін электр және сыртқы бөгде күштер жұмыстарының қатынасы.