КЕРМА (ағылшынның «kinetic energy released in matter – заттардағы боса- тылған кинетикалық энергия» деген сөздің алғашқы әріптері бойынша қысқар- тылған атау) – нейтрондардың, рентгендік және γ-кванттардың заттармен өзараәсерлесуі нәтижесінде пайда болатын зарядты бөлшектердің зат массасы бірлігіндегі барлық бастапқы кинетикалық энергияларының қосындысы. Керма Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ-де) грэймен (Гр) немесе радпен (рад) өлшенеді. Керма – зарядталған бөлшектің сәулеленетін көлемінің белгілі бір нүктесіне берілетін энергиясының өлшеуіші. Себебі бөлшектер энергиясын еркін жол бойында шығындайтын болғандықтан, затқа жұтылған дозаның кеңістіктік үлестірілуі, керманың затта үлестірілуі, еркін жол ұзындығы қаншалықты үлкен болса, соншалықты артық болады. Керманың уақыт бірлігіндегі өсімшесі керманың қуаты деп аталған.