КЕМТІК

КЕМТІК – қатты дененің энергетикалық зонасындағы электрондар орналаспаған кванттық күй. Егер кемтікке е-ге тең (электронға тең) оң заряд және жоқ электронның кері таңбалы энергиясы қосылып жазылса, сыртқы электр өрісінің әсерінен толықтай дерлік толтырылған энергетикалық зонадағы электрондардың қозғалысы зонаның жоғарғы шетінде пайда болатын кемтіктің қозғалысына эквивалентті болады. Кемтік – кристалл жүйесінің динамикалық қасиеттерін электрондық өткізгіштермен қатар анықтайтын квазибөлшектер. Кемтіктің әдетте эффектілік массасы электрондық өткізгіштіктен үлкен, ал орын ауыстырушылығы кем.

Жартылайөткізгіштерде кемтік валенттік зонаның жоғарғы шетінің айналасында пайда болады. Өткізгіштік зона ішінара толтырылған металдарда және жартылайметалдарда кемтік ұғымы кейде Ферми деңгейінің электрондар орналаспаған төменгі күйі ретінде енгізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *