КЕМПІРҚОСАҚ

КЕМПІРҚОСАҚ – атмосферада түрлі түсті бір немесе бірнеше доға түрінде аспан күмбезінде жаңбыр пердесінің бүркеуінде, Күнге қарама-қарсы тұста пайда болатын оптикалық құбылыс. Ол көбінесе аспан күмбезінің бір жағында жаңбыр жауып, ал қарама-қарсы жағы ашық болып, Күн көзі жарқырап тұрған кезде байқалады. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциясы мен интерференциясының нәтижесінде пайда болады. Оның айқындығы мен жарықтылығы жаңбыр тамшыларының өлшемдеріне байланысты өзгереді. Тамшының өлшемі неғұрлым ірі болса, кемпірқосақ та солғұрлым айқын жарқырап көрінеді. Кейде негізгі кемпірқосақпен қабаттасқан екінші кемпірқосақ байқалады. Бұлар қосарланған кемпірқосақ делінеді. Кемпірқосақ күн сәулесі тамшыға белгілі

 

бір бұрыш жасай түскенде, тамшының ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде пайда болады. Ай сәулесінің әсерінен байқалатыны Ай кемпірқосағы деп аталады. Кемпірқосақты күн ашық кезде субұрқақтарынан да байқауға болады. Ол үшін субұрқақтарына Күн жақтан (яғни жотаңызды күн сәулесі түсіп тұрған жаққа қаратып) қарау жеткілікті.

Күн көкжиектен 42° бұрыштық биіктікте тұрған кезде ғана кемпірқосақ байқалады. Күн көкжиекке таяу келген кезде кемпірқосақ доғасы жоғары көте- ріледі, олай болса кемпірқосақтың байқалатын жарты доғасы ұзаратын болады. Кемпірқосақтың негізгі доғаның үстіндегі қосымша доғаның түстері бұлыңғырлау болады. Қосымша

 

Сызбада қызыл (үстіңгі) және күлгін (ас- тыңғы) сәулелердің жаңбыр тамшысынан сыртқа шығу траекториялары бейнеленген. Осы сәулелер тамшыға енген тұста сынып, сонан соң тамшының ішінде шағылып, ең соңында тамшыдан сыртқа шығар тұста екінші рет сынуға ұшырайды

 

доғаларының түстері негізгі доғаның түстеріне керісінше күлгін түстен (сыртқы жағында) басталып, қызыл түспен (ішкі жағында) аяқталады. Негізгі доғаның қызыл түсті шеті мен қосымша доғаның аралығында күңгірт жолақ болады. Ол жолақ Александр жолағы деп аталған – қосарланған доғаның осы ерекшелігін біздің заманымыздың ІІ ғасырында ғұмыр кешкен грек философы Александр алғаш рет байқаған. Соның құрметіне аталған.

Жазғы найзағайлы жаңбырдан соң көрінетін кемпірқосақ өте айқын, түстері қанық болып көрінеді. Сіркіреген жаңбыр кезінде кемпірқосақтың түстері оңған боз түсті болып көрінеді. Қосымша кемпірқосақтың байқалуы үшін γ бұрышың 53° аспауы керек. Жердегі бақылаушы Күн көкжиектен 42° бұрыштан биік көтерілгенде негізгі кемпірқосақ, ал Күн көкжиектен 53° бұрыштан биіктегенде қосымша кемпірқосақ байқалмайды. Егер бақылаушы Жер бетінен жоғарыда болса, яғни ұшақта отырғанда немесе биік шыңда тұрса ол кемпірқосақты шең- бер түрінде байқайтын болады.

Кемпірқосақтың толық сырын алғаш ашқан ағылшын физигі, астрономы әрі математигі Исаак Ньютон (1643–1727) болды. Оның «Оптика туралы лекция» деген ғылыми жұмысы ғалым дүние салған соң 1729 жылы жарияланған. И.Ньютон осы ғылыми жұмысында кемпірқосақтың пайда болуын түсіндірген.

Жаңбыр тамшыларының, әрине, ауада қалықтап бір орында тұрмайтыны белгілі, олар айтарлықтай жылдамдықпен төмен қарай еркін үдеумен түсетін болады. Сондықтан тамшылар кемпірқосақтың пайда болуына бақылаушыдан кемпірқосаққа қарай бағытталған γ бұрыш 42°-тан аспайтын ара- лықтағы қысқа мерзімде ғана қатысады. Осылайша тамшылар бірінен кейін екіншісі келіп, үздік-

сіз алмасып тұратын болады. а – жарықтың тамшының ішінде екі рет сынуы Тамшылардың тез ауысуы се- және өзге тамшыдан шағылуы; ә – жарықтың тамшы ішінде екі рет сынуы әрі бір рет шағылуы;

бепті бақылаушы олардың көз б – жарықтың тамшы ішінде А, В, С және D ілеспейтін ауысуын байқай нүктелерінде сынуы әрі шағылуы алмайды, сол себепті бақылаушы кемпірқосақтың тапжылмайтын бейнесін көретін болады. Дәл осы жайтқа ұқсас жайтты к и н о э к р а н ы н а н да, теледидар экранынан да көріп жүргеніміз белгілі. Бұларда 1 секундта 24 кадр ауысатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда кемпірқосақты «аспанның киносы» деуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *