КЕЛЬВИН (К) – термодинамикалық температураның судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 үлесіне тең, Халықаралық бірліктер жүйесінің (СИ-дің) бірлігі. Ағылшын физигі Уильям Томсонның (Кельвин) (1824–1907) құрметіне аталған. 1968 жылға дейін «Кельвин градусы» деп аталып, «°К» болып белгіленіп келген болатын, қазір «Кельвин» деп аталып «К» белгісімен белгіленетін болған. Халықаралық қолданбалық температуралық меже (шкала) бірлігі ретінде қолданылады. 1 К = 1°С.
КЕЛЬВИН МЕЖЕСІ, Кельвин шкаласы – термодинамикалық температуралық меженің жиірек қолданылатын атауы. 1848 жылы термодинамиканың екінші бастамасы негізінде температуралық меже жасау принципін ұсынғаны үшін ағылшын физигі Уильян Томсонның (К е л ь в и н) құрметіне аталған.