Жұмабай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен аты. Ол кісі есімінде жиі кездеседі. Жұма араб тілінде екі түрлі ұғым береді: біріншісі – құдайға құлшылық ететін күннің аты, (аптаның бесінші күні); екіншісі – апта. Әдетте аптаның бесінші күні (жұма күні) туылған балаға осында ат қойылады.