Дансары – көл, сай, Ұлытау ауд., Қарағанды обл. Атау қурамындағы дан(ир. танг – «шат», «арна», диал. данги – «тау асуы, бел, белес», «тау аңғары», «сары» – бұл жерде түстен гөрі «үлкен, кең» деген мағынаны білдіріп тұр. Демек, атаудың мағынасы «үлкен, кең шат, шатқал, аңғар» дегенге саяды.