Басбайтал – тау, биіктігі 631,8 м. Ұлытау ауд. Барақ көлінің оңтүстігіндегі көл аты. Бұл атаудағы «байтал» сөзінің тіліміздегі жалпы есім «байтал» сөзімен байланысы жоқ сияқты. Өйткені оның байса тұлғасы бурят тілінде «тау» деген мәнді білдірсе, монғол тіліндегі «байқ, байқа» сөздері «жартас» сөзімен төркіндес болуы мүмкін. Ал сөз соңындағы дауыссыз л монғол тіліндегі көптік жалғаудың крсеткіші екендігі сөзсіз. Демек, Басбайтал – «жоғарғы жартас, басқы тау» дегенді аңғартса керек.