Ақсеңгір – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы село; тау – биік. 671,9 м. Атаудың бірінші құрамындағы «ақ» сөзі тау, төбе, жота басындағы бор, кварц, мәрмәр сияқты ұсақ тас жыныстарының алыстан жылтылдап, жарқ-жұрқ етіп жатқан түсін білдірсе, екінші құрамдағы «сеңгір» сөзі иран, түркі тілдерінде зеңгір // заңғар тұлғаларының варианты ретінде қолданылады да, «биік, қыр, жота» мәнін білдіреді. Тәжік тілдеріндегі сингистон – «жарысты тау, таулар» сөзіндегі санг – «тас» болса, азерб. сенг – «тас», «жартас», сенгяр – «құз, қия жартас». Демек, Ақсеңгір «ағарып көрінген биік төбе, тау» деген мағынаны білдіреді.