Ақасық

Ақасық – тау, биік. 366 м. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында. Атаудың бірінші сыңарындағы «ақ» сөзі географиялық термин ретінде «ақ түс», «мөлдір», «үлкен, кең, жазық» мәндерінде жиі қолданылады. Ал екінші сыңарындағы «асық» сөзі көптеген түркі тілдерінде өзен алаптарының кең де жазық тұсын білдіреді. Алт. диалект «ажык» — «асу»; хакас. «азых» – «жазық, жайдақ асу» (Э.Мурзаев, 1984, 40). Бұл мағұлматтарға және таудың аласа болуына (366 м. ғана) қарағанда, «Ақасық» атауы «жайдақ, аласа асу» деген мағынаға ие екенін көреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *