Қызыларай – тау, елді мекен аты. Атау екі компонентен жасалған. Алғашқы сыңары тау түсін білдіреді, себебі тау, шың тастары қызғылт түсті болып келеді. Ал екінші сыңары арай // орой компоненті шын мағынасындағы монғол сөзі. Мұны монғолша-қазақша сөздіктегі «орой» сөзінің «таудың басы», «шыңы» мағынасында қолданылатыны да растай түседі. Демек, «Қызыларай» – «таудың қызыл түсті шыңы, биік жері» деген мағынаны білдіреді.