Қоңырат

Қоңырат – Қарағанды облысындағы қала аты. Бұл атаудың шығу төркіне тоқталсақ, халық аңызымен байланыстырады: «Ертеде бір байдың жүйрік тұлпар қоңыр аты болыпты. Жастайынан қорлық пен зорлыққа булыққан ер жігіт бір күні байдың тұлпарына мініп алып, бар жылқысын шөлге айдап қашады. Бай жан-жақтан қуғын шығарғанымен, жеткізбейді. Ақыры ол жапан түзде тұрған бір шоқыға жете бергенде, бірнеше күн отсыз, сусыз шапқан қоңыр ат мұрттай ұшады да содан қайтып басын көтермейді.Содан былай биік Қосшоқы Қоңырат атанып кетті», – деді.
Халық аңызында жер-аты осылай аталса да, бұл атау жөнінде, А.Абдрахмановтың «…қоңырат этнонимі түркі сөзінен жазылғанын және өздері де түркі тайпасы екенін дәлелдейді» (А. Абдрахманов, Қазақстанның этнотопонимикасы, А.А. 1979, 117 б.), деген пікірі шындыққа келетін сияқты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *